Тең емес, татымайды. ~ Лайық Қыз Жібекке мен ұнаттым, Оның да іздегені келді саған. Біреуі тырнағына пар келмейді,Мазасын алып жүр деп өңкей жаман. “Қыз Жібек”. ~ Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа, Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа. Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң, Барақтың пар келмейді сынығына. “Біржан – Сара”. ~ – Бұл секілді асыл өлендерге менің майсыз арбадай барылдаған даусым пар келмейді ғой,–деп, болар–болмас мырс етті Серкеш… М.Әбд.
ПАРА-ПАР КЕЛМЕЙДІ
Тең емес, бір-біріне сай емес. ~ … қысқасы Сәлкеңнің шөберелерінің бәрі балуан, тақымкеш, ер, өткір. Күресте, көкпарда сол аймақта бұларға пара-пар келетін жігіт аз. С.Сей. ~ Оң қолында төрт жігіттің күші бар дейтін жұрт. Наурызбай асқаннайзагер, заманында бұл соғыс қаруынан өзіне пара-пар келетін жан кездестірмеген. І.Ес. ~ Қаратаудың жыңғылы мен баялышы Көкшенің тобылғысы мен қарағанына жетпес, бозы менен көдесі, жұпар аңқыған көк шалғынына пара-пар келмес. І.Ес. ~ Шіркін, азат– еркін дүние– ай! Сенің бір ғана сәтіңе пара– пар келетін не бар екен?! Қ.Жұм.
