Posted in

ПАРҚЫН АЙЫРДЫ

Әлдебірдеңенін құнын бағалады, қасиетін, мазмұн-мәнін таныды. ~ Әттең не керек, қолы құрғыр хат білмейді. Әр нәрсеніңпарқын айыра білу үшін қағаз танымасаң болмайды, тегі… С.Ом. ~ Молданың алдын көргеніме бір–ақ жыл болса да, ой–өрісіме саңылау кіре бастағанын осы арада анық сездім. Жақсы сөздің парқын айыра бастаған сияқтымын. М.Әбд. ~ …қайраты кемеліне келген, дос пен қастың парқын айыра білетін, тиіскен жауына қаймықпай қарсы тұруға жарап қалғанжігіт… С.Ом. ~ Әшірбекке кінә артудан аулақ, жастар жөн-жобаның парқын айырған ба, мекен-жайды нақтылы білмеген соңҚарағанды облысының қай түкпірінен мұны іздемек…Т.Әлж.

ПАРҚЫН БІЛДІ

Шынайы келбетін, қасиет-құнын танып-білді. ~ Шынайы дос кiм, дұшпан кiм – парықтай алмағаны ма? Асыл мен жасықтың парқын ендi бiлiп отыр. Т.Сәу. ~ Қорып жаудан ерлік салтын, Қай майданда жүр әкең.  Білерсің сол жердің парқын, Біледі деп дәметем. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *