Posted in

ПЕЙІЛ БІЛДІРДІ

Көңілі түсті, ықылас салды. ~ — Ал, енді ертелетіп келуіңізге қарағанда аса тығыз шаруаңыз бар сияқты ғой, соны айтыңыз, – деп пейіл білдірді. К.Жүніс.

ПЕЙІЛ ТАНЫТТЫ

Ықыласын білдірді, ниет қылды, жылы қабақ танытты. ~ Бұның бәрін бұтарлап айту үшін көп төзім мен көлемді сөз керек. Оның екеуі де менде жоқ. Ол жағына жетіктер, шүкір, менсіз де бар ғой. Мен өз тануымдағы Сафуан жөнінде онда да Әспеттің көмегімен, азын-аулақ пейіл танытамын. Х.Ерғ. ~  Кешегі Әлібайды оңашалап алып, достық пейіл танытқан болып,оспақтап біраз сырды біліп алуларының тегін еместігін, жеміне шабар жыртқыштың жымын білдірмей басатынын сұңғыла бидің іші бірден сезіп еді. К.Сег. ~ Сөзін онсыз да аяқтамай қоймайтынын түйсіне тұра, қосымша ынта, үстеме пейіл танытпақ боп елпілдей түсіп ем, Сапардың ыңғайын байқап тыйыла қойдым. Ж.Нәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *