Сараң тартты; көңілі бұзылды. ~ Сорпа-суына шақырмайды бұрынғыдай. Жұрттың, пейілі тарылды. Жарытып мал сойып жатқан да жоқ. Асықтың бәрі ескі, – деп өзімен-өзі сөйлесіп, көпке дейін күбірлеп жүріп-жүріп үйіне кіріп кетті. Б.Мом. ~ Е, бұл күнде ел пейілі тарыла бастады, аңшылықтың әңгімесін тыңдағанды қойып, мұның қатын– баласын аң етімен асырайтынынын көре алмайтын көзіне топырақ құйылғырлар көбейді. К.Сег. ~ Сол Құнекең айтқандай, әкеден озып туатын да, азып туатын да бала болады. Тек күн өткен сайын ұрпақ ұсақтап, пейіл тарылып, ата салтынан айнып кетпесе болғаны да. Қ.Жұм.
