Кесірі тиіп, кесапат әкелді. ~ Ақбергеннің де шыбын жаны тырнақ ұшында. Арал жағалауы болса әлдеқашан бітіріп, «Суретшілер үйінің» ақсақ күзетшісімен салқын сыраны сыздықтатып отырып, бірнеше партияны шиырып тастамас па?! Майорка дегені пәле боп жабыспаса нетсін! Қ.Жиен. ~ Бірақ күн аптабы әлі қайта қоймапты. Дала төсінде үп еткен жел жоқ, әуе айналып жерге түскендей қапырық ыстық буып тұр. Ол да ештеңе емес– ау, кешеден бері бұлттай ұйысқан сары маса пәле боп жабысты. Қ.Жұм. ~ Сорыма пәле боп жабысқан сүйіспеншілік дертінің құныкерімен арада біраз жыл өткенде бетпебет келгендегі сиқым осы. Ө.Кәр.
ПӘЛЕ ЖАБЫСТЫ
Кесел келтірді. ~ Не болғаны белгілі еді. Алып қашса да, алданса да, тіпті, өз қалауымен сейіл құрса да, күтпеген пәле жабысқан. М.Мағ. ~ Биыл отыз алтыға шықтым. Он алтымда тұрмыс құрып, он жетімде Шорам дүниеге келіп, он сегізімде күйеуден ажырасып, содан бері ұлымыз екеуіміздің өз тіршілігіміз өзімізде, ептеп тұрып жатыр едік, аяқ астынан мына бір пәле жабысып,.. – деп дауысы дірілдеп, төмен қарады. Ғ.Қаб. ~ Жығылған үстіне жұдырық болған. Көңілі құлазып, ауылдағы ауыр жұмыстан қатты қажып жүргенде, ол аз болғандай, тағы бір пәле жабысты. Т.Рыск.
