Posted in

ПӘЛЕ ҚАЙДАН ДЕЙТІН ЕМЕС (ДЕМЕ)

Жамандық айтып келмейді д.м. ~ Уа, құдай, пәле–жалаңнан аман сақтай гөр! Пәле қайдан дейтін емес!.. Байдамталдың тасып кеткені мынау…Қорап–бесікті арқаннан жұлып әкетсе… Сосын іздеп көр… Ш.Айт. ~ Тағдырдың ісі деген қатігез де мейірімсіз, болжаусыз нәрсе. Пәле қайдан дейтін емес… Осыны ойлағанда Сақан қолын бір-ақ сілтейді. Ж.Сәм. ~ Доңыздың етін жеген кәпір оңбас, «Келед деп пәле қайдан?»- айтып болмас. Бұл иттің тақылдаған айғағы жоқ, Жар болса жалғыз тәңірім, боқ та қылмас! Иса Шорм. ~ Жігіттер ойласаңыз іс Құдайдан, Киік боп ес-ақылдың бәрін жойған. Ер Қасен киік болып зар еңірейді, Адамға демеңіздер пәле қайдан. “Нұрғаз.” ~ Бардық. Көрдік. Үріп ауызға салғандай екі қыз екен. Бойымыз қылқан кескендей мына екі пәле қайдан келді дегендей үдірейе қарасты. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *