Posted in

ПӘРУЕЙІНЕ КІРМЕЙДІ (КІРСЕ НЕ ҚЫЛСЫН)

Мән бермейді, қаперіне алмайды. ~ Мінеки, қазақ ағайын дайын дүниені ғана көре алады, көреді де қызғаныш етеді. Оған дейін пәруейіне де кірмейді, тіршілік жасасам деп ойлайтындар аз, көбісі ұйықтап жүреді. Ә.Асқ.  ~ Амал қанша, талай жақсы жігіттер сөйлесіп еді – ау. Қиылып еді – ау бір қаншасы. Қамида кезінде олардың бәріне де шекесінен қараған. Ол кезде кейін осындай болып қаламын – ау деген нәрсе пәруәйіна кіріп шығып па еді? Ж.Сәм. ~ Өзiнiң ынжықтығымен қоймай, соншама тексiздiгiне бүгiн нақты көзi жеттi. Осы уақытқа дейiн пәруейiне қалай ештеме кiрiп-шықпағанына қайран. Ә.Ыб. ~ Дұшпаны жоқ, жаттың кім екенін білмейтін Қарашелектің пәруейіне ол кезде тинамдай түйсік кірсе не қылсын. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *