Posted in

ПӘТУА БЕРДІ

Әлдебір даулы мәселеге қатысты шешім айтты. ~ Оның істейтіні – жұма сайын жұртқа о дүние туралы уағыз сөйлеу, тамұқпен қорқытып, ұжмақпен қызықтыру, қажыларға қонақтан-қонаққа жүру, дау-шарлы мәселеге пәтуа беру, домбыра тартып ән салуды күнәға жазу, көңіл көтеріп ойнаған жастардың жиылысына лағынет айтып тараттырып жіберу, жас әйелдердің еркекке араласпай аулақтануына насихат айту. І.Жанс. ~ Ақылы қостайды, шариғаты қарсы. Ашық пәтуа бере алмай тұспалдай салды бір кезде: — Капыр Шаддаттың да жақсы еңбегі зая кетпеген. Аспандағы сегіз ұжмақтың бірі жерде соның салдырған үйі. Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *