Кішкене, сүйір келген, әдемі мұрын. ~ Пісте мұрын толық бетті ақ жігіт ай сәулесінің астында әрі оқыған, әрі сұлу жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім іздеген таулы даланың өзінше бір геройы сияқты еді. М.Әу. ~ Өзеннің екінші жағында, ауылдың тұсындағы жиектегі қалың тал арасынан бір ұзынша бойлы сұлу қыз су алып жатты. Бүл дөп-дөңгелек, қап-қара көзді, пісте мұрынды, қап-қара шашын екі тал қылып Өрген сұрша қыз, судың ар жағында тұрған Ниязды көріп, шелектерін жерге қойып, соған қарап тұрды. С.Сей. * Жұқалтай ақ құба жүзі, қап-қара нұрлы көзі, әдемі пісте мұрны, оймақтай бүрілген аузы әлі де өңі таймаған ажардың айғағындай. Ү.Жәл.
