Ойынан, жоспарынан бас тартты; пиғыл-ниетін өзгертті. ~ Ол өзінің бір кезде ақымақтықпен үкіметке қарсы шыққанын, кейіннен қатесін танып райынан қайтып, Шың дубанмен істес болғанын қысқаша әңгімелеп берді. Ж.Шәк. ~ Енді ойым айтады-ау,- деді ол беті шұқырая жымиып, – осының бәрін ана жылғыдай газетке жазып жіберсе, бәлкім ол райынан қайтып,- кенет Мұрат осы мен не сандырақтап отырмын дегендей кілт тоқтап, қызарып қоя берді. – Кешіріңіз ағай, әншейін бір ой ғой… Т.Әбд.
