Шын-өтірігін айыру қиын д.м. ~ Бір қолымен жартастың төбесінен ұстап, екінші қолымен тастың жанжағына тіреп, өрмелеп,тасқа жабысып, құламасқа тырысқан кісі сияқты. Соны тас болған қойшы деседі. Рас, өтірігін кім білсін, бірақ солай деген жұртта аңыз бар. Ә.Бөкей. ~ Ноғайлар… жартасқа Құрбан қия деп ат қойыпты. Осылай деген сөз бар, рас, өтірігін кім білсін. Ә.Бөкей. ~ Рас, өтірігін кім білсін естуі бойынша: Жанжалдың ертеңіне екі балуан ерегіспен қайта күрес тіріліпті. І.Жан. ~ Сөйтсе, төрде ілулі тұрған Сталин жолдастың портреті екен… Рас, өтірігін кім білсін, менің естігенім осы-тын. Н.Дәу. ~ Рас-өтірігін кім білген: бірақ кешегі өткен қариялардың айтқанына сенсең, бағзы заманда адам айтса нанғысыз ғаламат жұт болыпты деседі. Ә.Нұрп. ~ Осыдан көп жыл бұрын атақты әңгімеші Орақбай шал келіп. Қасымның серуенде жүріп қанша тоналса да, байлықтан арылмай қоюы киелі алатын тұмардың арқасы көрінеді, ал ол тұмарды бір сарт саудагерді өлтіріп қолға түсірген екен деп аңыз – өсектің шетін шығарды. Оның рас, өтірігін бір құдай білсін. Т.Әбд.
РАС, ӨТІРІГІН КІМ БІЛСІН (БІР ҚҰДАЙ БІЛСІН)