Posted in

РЕҢІ ҚАШТЫ

Солғын тартты, жүдеді. ~ Қызыл көз – қызғаншақтар жұқарды өңі, Қалтылдап кәрі дүние, қашты реңі. Уақытқа – бізге қарсы ашты майдан Соғыс боп жан сақтарлық тапқан емі. Ә.Тәж.  ~ Ал, Салтанаттың жөтелі жиілеп, реңі қашып бара жатқанын байқаған соң, шын мәнінде қорқа бастадық. Д.Ис. ~ Көктем де өте шықты. Жайнаған мамыр айы аяқталуға жақын. Ауылдың іргесіндегі жасыл кілемдей құлпырып жатқан кең жазықтың бояуы солып, реңі қашқан.  Ж.Шағ. ~ Реңі қашқан еріндерін жымыра тістеніп, өте ащы шер жұтқандай, айтылып жетпейтін арманмен үзілердей, көзін жұмыңқырап, үнсіз сілейіп ойға шомған… Т.Рыс. ~ Миы ашып, реңі қашқанда, бір топ жігерлі, жас, жаңа қазақтардың қып-қызыл “Икарус” жалдап, жолға шыққалы тұрғанын естіді. М.Бай. ~ Әлдеқалай Алатаудан құлаған өзендер тоқтап қалса, ылдидың ындыны құрып, құм жамылар еді. Құм жаулаған жерлердің реңі қашып, жасыл жапырақ атаулы жоғалар еді. Жасыл жапырақсыз өмір не?! Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *