Көңілі толды. ~ — Теміржан біледі ғой, Қызыл Әскердің ойынын ойнап қайтты ғой!- десті басқалары Темірді қостап, риза болған үнмен. Х.Ес. ~ Ауылда өскен, шеше тәрбиесін көрген қыз талай шаруаны тізе бүкпей істеді. Шешем бұған риза болып, «келіп тұр, айналайын» – деп, жылы қабақпен шығарып салған. Б.Тоғ.
РИЗА БОЛМАДЫ
Көңілі толмады, қанағаттанбады, жақтырмады. * Бәрі де қорқады. Хатте екі ағам да менің бұл ісіме риза болмады. Байдың қаһарынан қорықты. Ж.Айм. ~ Онан соң осы риза болмауды бастап отырған учитель қауымының бастықтары: Горбачев, Колтунов деген кісілер. С.Сей. ~ Мен бір алданған жас баланың сезімін басынан өткергендей күйде, өзіме риза болмай дөңбекшіп жатырмын. К.Өтж.
