Егін жинау науқанының бітуіне арналған жиын-той. ~ Мына сөзіңді жел алып кетсін, Тәліп ағай. Сабантойдың қарсаңында кісі сырқатын ойлай ма екен, – деп Уәлетдин сөзді басқа жаққа бұрды. М.Кәр. ~ Сабантойларда шалқып та тасып сөйледім, Сөзімнің бәрін саралап діттей бермедім. Өзімнің кейде бойымнан биік секірдім, Антеймін, – дедім, – тұғырым бірақ Жер, – дедім! К.Мырз.
