| САБЫР ЕТ (ҚЫЛ) |
| Ашуыңды бас, тыныштал. ~ Әзиевке қарап әлдене деп ымдағандай болды. Әзиев те сабыр ет дегендей ымдады. Жанай орнынан тұрып киіне бастады. С.Мұр. ~ Сабыр ет, Гүлбаршын!—деді Алпамыс. — Сабыр ет! Жазмыштан озмыш жоқ. Ақ бата қосқан өзіңдей қосағымды қалмаққа қор қылып, жер басып жүрмей-ақ қояйын. А.Сей. ~ Басыбар. Бабаңның қатқан басы! Адыра қал сөзіңмен, құрттың ғой, қу Жарас, жоғал арман көзімнен! Жарас. Сап–сап, батыр, сабыр қыл, бар көргенің өзіңнен! М.Әу. |
