Posted in

САДАҒАҢ (САДАҒА,САДАҒАСЫ) КЕТЕЙІН!  

Айналып-толғану, емірену; сен үшін шыбын жанымды да құрбан етуге дайынмын д.м. ~ Ділда. Садағаң кетейін, қарағым…

Айтайын мен оған, айтайын… Бірақ тілімді алмайды, менің өлігімді осыдан ал деп тағы айтайын. М.Әу. ~

Әсіресе, мосқалдау,

қазақша киінген бір әйел: — Ой, садағаң кетейін!.. Ой, қыбырлаған аяғыңнан айналайын!.. Ой, құрмалдығың болайын!.. — деп өзінен-өзі сөйлеп, балалардың соңын ала жүріп барады. С.Мұқ.  Уай, садағаң кетейін, сөз-ақ! – деп лепіре айқайлап

ахунды қошеметтеп қояды Шәріп. С.Елу. ~ Ой, түріңнен айналдым, келіншек әкелуге жараған, жігіт болғаныңнан садаға кетейін, қарашаңырағымның иесі… – деп бастап келе жатыр еді… С.Досж. ~ Айналмайсың ба ондай қыздан! Садағасы

кетейін! «Бойыңызға тоғытпайтын шығарсыз» дейді… Бәлкім, мен сенің теңің емес шығармын… жасық адам жанып тұрған отқа қалай астар болсын, өртеніп өлейін жалыныңа! С.Нұғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *