Posted in

САЗ БЕТ

Ұяттан ада, имансыз, бетсіз. ~ Соңынан шұбырған бес баланың кісі мейіркеніп маңдайынан иіскерлік бірі жоқ, енесімен бірге сазға аунаған торайлар тәрізді, кірден көздері ғана жылтырайды, қаспақ бет, қара домалақтар. Ішіндегі ересегі он-он екі жаста, саз бет сары Ғаббас кәзірдің өзінде тоқты ұрлап әкеле береді. Сарыбала бәріне жирене қарап тұр. Ғ.Мұст. ~ Басқаға кезек бермей, салған жерден үйіріле кеткен cap шұбар баланы жаңа

танығанда, бала оны мана танып қойған – аты шулы Шөгел поштабай. Бәрінен киімі жақсы, ортадағы өлі кез, маңқа мұрын, саз бет «апиын болыс» Мұқтар. Ғ.Мұст. ~  Төбесінен төне қараған сопақша саз бет сыңар езулеп арсыздана жымиды. Қасқа тістерінің орыны үңірейіп, екі ұртынан екі сойдақ тіс ақсия жарқ етті. Т.Сәук. ~ Әңгімелеспеді ме… жолдас капитан?— деді Рүстем мүдіріңкіреп. Іштегідей емес, манағы жалған саз беттігі мен өтірік өжеттігі жоқ, жуасыған. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *