Ақымақ қылып алдап кетті. ~ «Сырлассақ қайтеді, ағайын?» дегеніне кім көне қояр? Қазекеңнің сырынжата-жастана,
шым-шымдап, шыжымдай тартпасаң, өзіңді тәлкек қып, сазға отырғызып кетуі киын емес. Т.Әл. ~ …елшінің төмпеш жегенінен гөрі бұның төмпеш жегенін көбірек тілеп отырған өзге сұлтандар оны «мынау күн бермей отырған бұзақы» ұлыстан өздерінің «маңдайларын шыбынға шерткізбейтін», «бейбіт», «тәртіпті» ұлыстарына көшіріп әкетіп, екі ортада өзін сазға отырғызып кете ме деп екі қорықты. Ә.Кек. ~ Оралда «жиһаз жасап беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, ондаған адамды сазға отырғызып кеткен күдікті ұсталды. БАҚ
- Ұятқа қалдырды. ~ Кәмила мен Гүлнаш қыз кезінде сән түзеп, қатар өседі. Екеуі де «ақын қыз» аталады.Өнер сынасар
жиын – тойда, Қаратау елінің әдеті бойынша, өлеңді екеуі қосылып айтып, талай ділмар жігітіңді сазға отырғызған. Т.Әл. ~ Келіншегі мұны қояр да қоймай оқуға жіберген. Шешесінің інісін сазға отырғызып кеткені, балдызын алып қашқаны мәртебесін көтерген. Ө.Кәр.
САЗҒА ОТЫРДЫ
Үміті ақталмады, алданып қалды. ~ Ол пақыр да мынау желкелеп қуған нөпір тірліктің баянсыздығын, өз қарекетінің пәтуасыздығын анау жағаға шығып қалған қой тастай сазға отырған күні бір-ақ біледі. Ә.Кек. ~ Шындығы керек, қара алтынды қымызша сапырып отырған талай мемлекет сазға отырды. Пайда кеміді. Талай мега жобалар қысқарды. БАҚ
