Posted in

САЙДА САНЫ, ҚҰМДА (ҚЫРДА) ІЗІ ЖОҚ

Артында қалған белгі жоқ, із-тұзсыз құрыды, ескерусіз, елеусіз қалды, есепте жоқ д.м. ~ Содан соң өзі сұрауға көшті …  “Реакцияшыл үстем таптың пікірін білдіріп, халықтар достығына қайшы келетін өлеңдер шығарған ескішіл, және қашан туып, қашан өлгені белгісіз, сайда саны, құмда ізі жоқ жан”. М.Мағ. ~ Екі еркектен бірдей айрылған Назерке Қырғызстанға көшіп кетті. Бүгінде оның сайда саны, құмда ізі жоқ. С.Дос. ~ Мертіккен арыстандай төсегінде дөңбекшіп жатып: – Шаған– кеген жорығынан кейін сайда саны, құмда ізі қалмай, тентіреп кеткен Төртуылды Смайыл зәңгі екеуміз тезектей теріп, басын зорға қосып едік. Қайран ел тоз– тозы шығып, тағы да қор болды десейші, — деп аһ ұрып, күрсіне берді. Қ.Жұм. ~ Үш жүз мың адам алпыс жылда өсім беру керек қой, көпшілігі қырылып кетті. Анамен соғысты, мынамен алысты. Ол бейшалардың көпшілігінің сайда – саны, қырда ізі де қалған жоқ. Ж.Баб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *