Әлдебір жөнсіздікке аяқ басты, теріс ойға бойын алдырды, жолдан тайды. * «Жас бала емес пе, ыңғайын тауып, мұртын майлап жіберсем қайтеді», – деп те мұны сайтан түртті. Бірақ бұл ниетінен лезде айнып салды: есіл сөз мірге өтпей жатқанда, бүгінгі жас былайғы ымды қайдан ұқсын деп ойлады. Ә.Асқ. * Киіз үйде мылтығын майлап, оғын сайлап отырған атаңның сенімді серігі түстікке бет түзеген тырналар керуені шаңырақтың тұсына келгенде, не сайтан түртті екен, алдыңғысын көздеп масаны басып қалады. Ы.Дәб.
