Сақалың ағарған шал болғанда д.м. ~ Айт, өзің, осы сақалыңның ағында мынау Ыдырыстың мойнымда бір сабақ жібі жоқ еді деші, мына билердің алдында? Сенен сұрағанын мен-ақ берейін!..— деді Шалматай. І.Жанс. ~ Қақпандай қатты сүйегің Етімнен тастай өтеді-ай! Өміріңнің шағында, Сақалыңның ағында, Сабыр қылсаң нетеді-ай! БС. “Болат, Жанат”.
САҚАЛЫНЫҢ АҒЫНДА, ӨЛЕРІНІҢ ШАҒЫНДА
Әбден қартайған кезінде. * Алтыннан шүмек ойдырдым, Күмістен түбек қойдырттым… деп Би Едіге — Ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге орайын демейді? Кім баласының арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Аплотондай ақылды, Жиреншедей нақылды болғанын сақалының ағында, өлерінің шағында үйде ырыс, түзде өpic болғанын тілемейді? Ж.Айм.
