Тым ұзын. (Құлаш созымдай ұзындықты білдіретін халық өлшемі). ~ Машинаның аты — машина. Шақаттан шыға, қасқырға ол тағы жетті. Итің болдыруға айналған, тілі аузынан сала құлаш шығып кеткен!.. С.Мұқ. ~ Шашылып кеткен сала құлаш бұрымы қар түйіршіктерімен бүркеліп, ақшылдана қалыпты. Ә.Сәр. ~ Серіліктің рәсімі дей ме, қашан көрсең де, мойнынан сала құлаш түкті орамал түспейтін. С.См. ~ Өз пәнін бес саусақтай біледі. Бұрынғы-соңғы ақын – жазушылардың шығармаларынан сала құлаш үзінділерді жатқа соғады. Б.Соқп.
