Posted in

ҰЗАҚ СОНАР

Ұзаққа созылған, бітіп қоймайтын, мезі қылған (әңгіме, сөз, уақиға).~ Аузына барғанда жол-жөнекей сақалын да сипап өтеді. Сақалының дамылсыз шошаңдауына қарап: "Ұзақ сонар әңгімені бастап отыр-ау" дейсің. Б.Майл. ~ Шәкібайдың қабағы қатпарлана түсті. Бұл үйдің жұртта қалу тарихы ұзақ сонар оқиғаға байланысты. Жас әйелдің аты Әмине. Сөзге де шебер, ажарға да тәуір. Б.Майл. * Содан әңгімесінің тағы жібі босап: – белім кеше қасқыр аттап бастырмай шойырылып қалып еді… Соған қарамастан шапқаным… Тақ екі қасқыр базға түсе ғапты, түге, – деп сөзін тағы ұзақ сонарға сала берді. М.Әу. * Бәрін есіңе түсіре берсем ұзақ сонар тарих боп кетер. Р.Рай. ~ Енді ұзақ сонарға салатын уақыт емес. Жіптің түйіні шешілетін жерге жеттік. Жә болады, жә болмайды, бір жағына шығуың керек. Т.Жар. ~ Ұзақ сонарға жіберген ат бәйгесіне қалаулы жүйрігін қосып, енді жүрегі лүпілдеп, асығыс та, шыдамсыз да соның ақыр соңын күткен әке жүрегінің ырғағыңдай ырғақ менің кеудемде де бар. С.Бақб.~ Өліараның сол бұршақты түні Қойшы сенімін іздеп, ұзақ сонарға аттанды. О.Бөк..

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *