Posted in

ҰЗАҚТАЙ ШУЛАДЫ (ШУЫЛДАДЫ)

Айғай-ұйғай болып, шу көтерді. * Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Абай. * Айдауылдар келіп әкеткенде, артында қалған жанашырлары мен жақындары «ұзақтай» шулап жылағанда: «Алауыз болса ағайын, Ынтымақ күтіп тұра ма? Жолын берсе бір Алла, Орыс тонын береді» – деп еңіреген елді жұбатады. А.Ахметжанұлы. * Жер ошақта, нән қара қазанда майы шыжылдап, қуырдақ қуырылып жатыр. Бала-шағалар ұзақтай шуылдап, шүпірлеп жүр. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *