Posted in

ҰЗЫН СОНАР

Ұзаққа созылған, таусылмастай ұзақ, әбден мезі қылған (әңгіме, сөз, оқиға). * Өз болысы жасырғанмен, көрші болыстар біліп отырады, – деп ұзын-сонар жалпы сөзге салып кетті. Ж.Айм. * Баласының күмбезіне тақап келіп тізерлеп отырды да, әлдебір ұзын сонар аят бастады. Т.Әбд. * — Е, келіп тұрады ғой, — деп, Өтекең ұзын сонар әңгіме бастайтын раймен бір қозғалып, жайғаса отырды. Б.Тоғ. ~ Алдарында – көшпелі елдің арқасын кеңге салып сайрандайтын ұзын сонар жаз. Тойлы, ойын-күлкілі, әсем айлы түңді, ыстық сезімге толы думанды, қызық жаз. С.Елу. Бұрынғы түндерде экскаватор шөмішінің салдыргүлдіріне «КрАЗ», «БелАЗ-дардың» ыңыранысы қосылып, құлаққа жағы сембейтін ұзын сонар уіл келіп тұрушы еді. Қазір тым-тырыс. Өлкенің жүрегі тоқтап тұр. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *