Құны, маңызы төмен, салыстыруға да келмейді. ~ Сөйткен Ғабеңді… … көзі тірісінде көлеңкесіне таласып, аузынан түскен түкірігін де жерге жеткізбей жұтып қойып жүрген кейбіреулердің ағамыздың беті жасырынбай жатып жамандағанын көзіммен көргенімде жаным түршіккен. Пәтуасыз езу оны надан деуден де тайынған жоқ. Жылдар өтіп кеткен соң оның ұлтарағына да жарамайтын біреулер газет бетінде де ғайбат сөз айтқан болды, шығармаларына тиісуге тісі батпай, қара басына күйе жағуға тырысты. Қ.Ысқ. ~ "Менен гөрі тәуірірек жазушы тауып алыңыздар," – дедім қитығып. "Ол кім?" деп сұраған. "Ол – сіз менсінбей отырған Иман Қазақбайдың ұлтарағына жарамайтын Мүштар Мақанов!.." – дедім де, әңгімені үздім. М.Мағ.
