Posted in

ҰРТ МІНЕЗ

Дөрекі, шәлкес мінез, нойыс, бір бет. Кешегі шотпақ қара, төбел таз, ұрт мінез күйеудің бұ жерде әп-әдемі, жібектей жатық жігіт бола қалғаны… Ж.Айм. – Сен күмпілдеме, ол ұрт мінез, жазым етіп жүрмесін. Ә.Шәр. Орысша семинария бітірген түгел қалаша киінген Тұрлыбек Есенейдей ұрт мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы адам еді. Ғ.Мүсір. * Бүгін де көрдім, вокзал басында… Аянышты хал!.. Жігіт ұрт мінезді болса деуші едім. Сізде сондай мінез бар білем… Сізге жанымның ашығаны сонша! Ғ.Слан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *