Басында панасы жоқ, барар жері, басар тауы жоқ адам туралы. «Иә, ағатай, кетпеске амалым жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін бір бейбақпын». Ш.Құм. Сондықтан бүгін – мұнда, ертең – анда, ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақтай төңкеріліп жүре береді. «Бұл да туған жердің бір пұшпағы!» дейді бір қиырдан екінші қиырға қонып жатып. Т.Сәу. Сонымен, інім, үй де жоқ, күй де жоқ, қонарын сай, ұшарын жел білетін қаңбақтай Шұнақ байқұс Тарланкөккемініп Ақсеңгірге тартып кетті. Бар дүние де, мал да, жан да жалғыз ат, жалғыз қоржын. Б.Қыд. ~ қайда барсам да, көзге шыққан сүйелдей, өзімді артық адамдай сезініп, ұшарын жел, қонарын сай білетін ебелектей қорсынып, күйзеліп, өмірден түңіліп жүрген кезімде жолыққан… Ж.Әбд-а.
