Еш жақындығы, ұқсастығы жоқ. ~ Бұл мұрамызды зерттей отыра білу, біле отыра болашаққа қалдыру, қайталап айтамыз, «өткенді уағыздау», «тозығы жеткен дүниені жаңғырту» деген сыңаржақ көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ә.Қайд. * Өтірікті соқтыртқанда сөйтетін. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын көк сиыр мен қоңыр сиырды қалай шатастыруға болады? М.Қаб. * Осы тұрғыдан алғанда, Рахман-Ата ауылының қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмас еді. М.Мағ. * Сүлей, Жапабай қарт, Сарқыт шешей, Бибіш апа, Дариға жеңгей, Айша, Алшағырлар мінез-құлық, түсінік, жас жағынан үш қайнаса сорпалары қосылмайды. М.Қаб. * Қасындағы қандас бауырыңды жарылқап тастағандай, айдаладағы мәнжу ұлығының тілеуін тілеп, өзіңе үш қайнатса сорпасы қосылмайтын Ши- амбының құлағын шулатқандарың не, түге?! — деген зілді қабақпен зеки тіл қатып. Қ.Жұм.
