Posted in

ҮШ ҰЙЫҚТАСА ОЙЫНДА (ОЙ-ҚИЯЛЫНДА, ЕСІНДЕ) ЖОҚ

Бұлай болады деген ой қаперіне де кірмеген. Жаңа ғана қолға ұстатқандай ап-анық көріп жатқан Бәкизаттың, басын көтергенде, үш ұйықтаса ойындажоқ әлдебір басқа кісіге айналғанына қайран. Ә.Нұрп. * «… Мінгенім астымдағы күрең дөнен, Қашады таудан түлкі сүмеңдеген. Ойында үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып, қалқам, сенен жүрем деген…» Б.Майл. Бүгін дәл бұл әңгімені шығады деген, оның тіпті үш ұйықтаса ой-қиялында жоқ-ты. Ж.Ахм. Найза да бір кәдеге жарар-ау деп үш ұйықтаса ойда жоқ. З.Шүк. Өзін іргелі елміз дейтін қазақ үшін үш ұйықтаса ойына кірместей, өте бір жат, түсі суық оқиға туған. Ж.Ахм. Бесбасбай Бозорыстың үш ұйықтаса есіңде жоқ-ты. З.Шүк. — Інім, іс осылай бітер деп мен үш ұйықтасам ойлаған емен . Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *