Posted in

САЛПЫ ЕТЕК

Жұмысқа қыры жоқ, салақ. ~ Құдай маңдайыма бір-ақ қатын жазып, еді, көп қалың сұрамайтынмөжетопайлау кедей қызы еді. Мұндайлар жасынан тесік өкпе боп үйренген шаруаға қылап болушы еді, мен қайдағы бір салпы етек салағына кезігіппін. С.Жүн. ~ Қатын ал деп қыштаған кемпір, шал жоқ. Қатын аламын деп жұлынған бұл жоқ. Махаббаты тасып бара жатқаны да шамалы. Қара іздеп елегізген сәуіріктей салпы етектің соңынан шаба жөнелгені де әншейін дарақылық. Қ.Ысқ. От басы ошақ қасынан алыстап көрмеген қарапайым әйел. ~ Ұлбануды тыңдап отырсаң, ұят, қыз баланыңабыройы дегендер ауылдағы от басы, ошақ қасындағы салпы етек әйелдердің миының бір түкпірінде қалған ескіліктің жаңғырығы екен. Т.Сәук. ~ Әйелге тән дағдылы ибалық сақтаса, анау колхоздағы көң шығарып, қи ойған салпы етек әйелдердің біріне айналам деп қауіптенетін тәрізді. С.См. ~ Бойын күткен паң, кербез – қыз күніндегі әдеті. Шопан болдық екен деп салпы етек болған емес. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *