Posted in

САНАТҚА ҚОСЫЛДЫ

Жұрт қатарлы болды, абыройы артты, белгілі бір топқа қосылды. ~ Ес – ақылдың алғашқы нышанасы. Есі кірген бала ақыл есігінен аттайды. Ақылы толысқан бозбала (бойжеткен) кәмелетке енеді. Кәмелетке ену – кәдеге жарау, санатқа қосылу. И.Сап. ~ Бет алдымыз – терістік. Одан соққан ызгырық-қызыл жалап барады. Бірақ қаптағы екі пұт тары оны бізге сездірер емес. Бәріміз санатқа қосылып қалғандаймыз. Б.Қыд. ~ Бұл кезде күшік адам атаулыны иелерім, – өзіне күнде тамақ құятын, үйдің бар шаруасын істейтін ұзынетек кісі де осы санатқа қосылатын, – және бөтен жандар деп екіге бөлетін. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *