Posted in

САНАУЛЫ КҮНІ ҚАЛДЫ

Ажалы жақын д.м. ~ Ағасы айықпас дертке ұшыраған адам секілді. Оның санаулы-ақ күні қалғанын өзінен басқаның бәрі біледі. Т.Әбд. ~ Адамдар барға да, жоққа да сеніп жапа тармағай тіршілікке кірісіп кеткен. Санаулы демі, санаулы күні бола тұрса да, бірінің өлігін бірі жерлеп кеп отырса да, ғұмыры құдайдай мәңгі көрініп, түкке тұрғысыз ұсақ тірлігіне қайта кіріседі. Д.Ис. ~ – Олай деме, шырағым. Жетпісті қаусырып, кәрі саулықтың жасындай санаулы күнім қалды. Өмірім жетсе, Құрмаш екеуің аман-есен оралсаңдар, осы орнынан табасыңдар. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *