Ақыл-өресі кем, түйсігі жоқ. ~ Біздің қазақ байларында Еуропа байларындай мол байлық жоқ, аз байлықпенхалінше жомарттық қылатын байлар қазақта аз, жоқтың қасында. Біреудің малы көп болса да, саңылауы жоқ болады. Жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз болады. Себебі жұрт жұмысы деген қазақтың әдетінде болған емес. А.Байт. ~ Құдды бұл өңірде осы жарқын көріністен басқа өзге көрініс – құбылыстардың көлеңкесі түсігі, өтпеген сияқты. Ие, бұл тосын көзге, саңылауы жоқ, ойсыз көзге ғана солай. Байымдағанға талай-талай оқиғалардың талай-талай іздері жатыр мұнда. С.Шай. ~ Ұйқыда жатқанда берген алланың аянына қарап, көкірегі ояу, санасы сергек пенде ертеңгі өмірін болжар. Саңылауы жоқ өресіздер, ғұмырдың ешбір байыбына жетпей өте берер. Ә.Ыб. Жігі ажырамаған, біркелкі. ~Құдықтың ішіне үңілсең, басың айналады – саңылауы жоқ қара түнек. Ә.Кек. ~Азаптың ең қаттысы зұлмат деген, Көзіне ешбір нәрсе көрінбеген. Сіркедей саңылауы жоқ қараңғылық, Қасен ер не қылам деп зар еңіреген. "Нұрғаз." ~ Шалшықтарды шашыратып, зулап келе жатқан машина кенет саңылауы жоқ туннелге сүңгіп кеткендей төңірек түнекке айналып, әлден соң барып қана жанарына қара ілікті. Д.Ис. ~ Менің тұла бойым түршігіп кетті. Тас астындағы бұлақ жылап жатыр! Тұншығып, жер бетіне жол таба алмай, саңылауы жоқ қапырық құшақта қалған бұлақ солқылдап жылап жатыр… М.Қаб.
