Posted in

САП ТЫЙЫЛДЫ (ТИЫЛДЫ)

Әлдебір әрекет, көрініс-қимылдың оқыстан доғарылуы хақында. ~ Жаңа ғана сыңарын жоғалтқандай жалғыз ішектегі жарымжан тыңқыл сап боп тыйылыпты да, оның есесіне енді қос ішек қосыла үн қосып еңіреп жатыр екен. Ә.Нұрп. ~ Әжібек көзін аларта: – Кәне, о кім күліп тұрған? Көк желкеңді қиып жіберейін осы! – деген түтіге жекіп. Күлкі сап тыйылды.- С.Мұр. ~ Кенет әзіл мен күлкі сап тыйылып, кербез топ кілт тоқтайды. Жүз біткен оң жаққа бұрыла, тесіле қарап қалған. С.Смат. * Бойжеткен сыңқ етіп күлді. Бетінің сүт шұқыры ойылды. Эхокардиограмма тетігін сырт өшірді. Бөлмені жайлаған лүпілдеген, дүрсілдеген дыбыс, енсіз тар арыққа симай ытырылған тау суындай қан ағысы сап тиылды. Д.Досж. * Көктемнің әлжуаз күні қарны шермиген қара жердің сауырын қыздыра қоймай түн салқын болғандықтан іңір түскенде заржақ шегірткеге дейін сап тиылған. С.Әбік. * Айтты айтпады, таптап кететіндей киіз үйге танау тіреп зорға тоқтаған аттың бақырған айқай бәйбіше тысқа шыға бергенде- ақ сап тиылды. Қ.Ысқ. * Қарт ертеңгі әкелінген қара қуырдаққа да көп қол созбай үнсіз отырды. Жігіттердің әзіл-қалжыңдары да, қысыр әңгімелері де сап тиылған. К.Сег. *Келіншек өкпелер, сап тыйылар деп еді, жоқ: – Етегіңе намаз оқыған сопы болсаң, Әбжалдың айтып жүргені не? – деп сыңғырлап отыр. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *