Posted in

САРАҢДЫҚ ЖАСАДЫ (ҚЫЛДЫ, ІСТЕДІ)

Тарлық қылды, сараң мінез танытты, аузын құр шөппен сүртті. ~ Сонда Қыдыр: «Сен қалай Атымтай бола аласың? Ол күніне неше барсаң да бетіңді қақпайды, ал, сен екі келгенге сараңдық жасадың!» – депті-міс. С.Мұқ. ~ … «алла тағала маған келгенде мұнша неге сараңдық істеді екен? Жазығым не? М.Сүн. ~ Небәрі кішкене құнт-ықылас болса жетіп жатыр. Бірақ кейде соның өзін де, бір-екі ауыз жылы сөзді де қимай, сұмдық сараңдық жасап жібереміз-ау. Көбіне құнттамаймыз ғой. Н.Кел. ~ Дұрыс, Шолпанның жаны Әзімбайдан айырыла алмағанға бала іздегеннен аз азап шеккен жоқ. Ежелден көз жасына сараңдық қылып үйренбеген Шолпан бұл туралы да талай түндерде жылады. М.Жұм. ~ Биылғы жаз жаңбырға сараңдық жасады. О.Бөк. ~ Тек анау жазық екі иықтың ортасына, табиғат мойын жағына сәл-пәл сараңдық істеп, төбесі жалпақ, қалың, ақ бурыл дудыраған шаш пен шықшытты қарбыз басты қондыра қойғанына ғана қынжылар едің. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *