Жасы ұлғайып, егде тартқан әйел. ~ Элмира бекерден бекер ерте тұрмаған екен. Түс әлетінде гүл ұстаған, арақ-шарап, кәнпит көтерген Элмираның өзі құралыптас саркідір әйелдер жиналып, оның туған күнін құттықтады. Ж.Сәм. ~ — Ойбай құдай, не дейді… Қарғашымды қалай жібере саламын…– деп от жақта шай құйып отырған саркідір әйел баж ете қалды. Қ.Мүб. ~Жаратылысында сүйегі бостау Ділдә бала басты болып, тез қартаюға айналған. Бетіне айғызданып ажым түсіп саркідір қатын болған. Әрх.Кәк.
