Posted in

САРЫ АЛА ЕТЕК

Күнделікті күйбең тірлік, ауыр жұмыстан салақсып, сарытап болған әйел туралы. ~ Онысы өзге емес, сол қалың қойды ертелі-кеш тынымсыз бағып-қағу. Қозы алу, қозы салу, қой сауу, құрттаған, биттегенімен алысу. Шалдың айғайымен бірге секіріп тұрып түн ұйқыны төрт бөліп, қалғи-шұлғи жүріп, сары ала етек боп сарп ұру… М.Әу. ~ Он екі жыл бойында мынау әйелім Қатша шешеңнің Қызыл бәйбішенің қолында сары ала етек күң болып, отымен кіріп, күлімен шықты. Сол бәріміз кеше қасыңнан кеткенде немен шықтық? Екі қолымызды мұрнымызға тығып шыққанымыз жоқ па? М.Әу. * — Неге жығушы еді?! Көшеміз – дағы! Сарыала етек боп саздың үстінде отыра бермексің бе?! Бие байлайтын уақыт та таяп қалды. Қ.Ысқ. * Бірер балалы болған соң асау сезім жуасиды, арман болған махаббат ұмытылады. Ауылдың сары ала етек сарпылтаң көп бәйбішесінің бірі болып шыға келеді. Ә.Асқ. ~ Кейде жақсылығына жан жетпейтін жайсаң адамдар бір перзентке зар болып күстаналанып өтеді. Ал кейде ғой, адамшылықтан жұрдай, ақыл-зиыннан тұлдыр сары ала етек салпыаяқтарға күшігін шұбыртқан итпен бірдей үйіп-төгіп береді. Ш.Рахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *