Көш алдында жүретін, үлкен, жүкке шыдамды түйе. ~ Ақ қарабас ылақайына қызыл шашақ тағып, үкілеп, ат қып мініп, өзі құрбы балалармен жарысар еді. Жатқан сары атанның үстіне бала біткен жабылғанда, атан ұшып түрегеліп, балалар өркешіне, мойнағына жабысып «жығылдым, жығылдым!» деп шуласар еді… Ж.Айм. ~ Жұмабай жас баланың пішініне ырза болып қарады да, үндемеді. Байтас Абайды құрбысындай қағытып: – Жарайсың, «ғайыпқа бұйырмаңыз». Сенің мынауың, менің: «Көшкенде жүк артамын сары атанға, айтамын не бетімді Ойке апама?!» деген өлеңім сияқты болды-ау! – деді. М.Әу.
