Сарғыш реңді басымырақ аралас түсті. ~ Мұнда бір соғып кетсе болғаны, бұрын көргеннің бәріне алақтап, аралап жүріп алады, шыға алмай қалады. Ауылдың барлық қарала-сарала иттері мен сары жағал, көк жағал лақтарына дейін аралайды. Ғ.Мүс. ~ Өзімен бірге үні де өше бастапты. – Ааа, ууу, ааа? Өзімен қоса үні де келмеске кете бастаған Кербұғы сонау сары жағал таудың ар жағындағы үшпа басы аппақ қар теңдеп, мұнартқан шоқыға қарады. О.Бөк. ~ Күн бесіннен ауа бұлақ басында жатқан отар шымқынып жәйіліп, қыбырлап ере бастады. Арқаға қарай, әлгі өліктер жатқан ашық сары жағал алапқа таман беттеді. С.Ел.
