Алысқа созылған сара жол. ~ Шіркін, табиғат! Қанша рет қайталансаң да, тапталған сары жолжаттандыға айналмай әр көрінісің толғай береді-ау" – дейді іштей Әкім. К.Жүн. ~ Күн райы да өзгеріп, енді жолаушылардың беттерін салқын жел өбетін болды. Бірақ даусы қарлықпайтын пұшық сары жол қысқарсын дегендей жағы бір тынбайды. Біресе күлдіргі өлең айтады, біресе қайғылы зар төгеді. І.Ес. * Сары жолдың аты сары жол,- даңғыраған Соқпақ екен! Мінгенің дүл дүл болса да, керегі тоқпақ екен. С.Бақб. Жолы ауыр, қырсықты адам. ~ — Сары жол, тілеуің кесілгірлер! Сендерді үйге тастап кетсем,артынып-тартынып келмеймін бе? К.Ораз. ~ – Құдай басқа салмасын, жолы қиын, бір сары жолдылар болады. Олармен бірге жүргенде саған тышқан мұрнын қанату да жоқ. С.Бақб.
