Posted in

САСЫҚ КЕУДЕ

Адамгершіліктен жұрдай; ниеті теріс, сұмпайы адам туралы. ~ Сірә, жігіттердің арасына от жағып, түтін салып отырған – мына Дабынтай сұм секілді. Дабынтайда: «мен – халдай тұқымымын, Маншың өкіметінің он қолы, бел баласымын» дейтін бір сасық кеуде бар. Қ.Жұм. ~ Құдай маған, сорың арылмасын деп, бұл қызыл көз пәлелерді ірге жау етіп берген жоқ па. Өстіп анда- санда сасық кеуделерін басып қоймасаң, тойтаңдап төбеге шығып кетуден тайынбайды. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *