Posted in

САУ ЖЕЛДІРДІ (ЖЕЛДІРТІП КЕЛЕДІ)

Бір қалыппен көсіле жортты. ~ Бір уақытта әлдеқайдан салт атты біреу сау желдіріп қыранға шыға келді. Т.Әл. ~ Міне, бұл жолы да Қасымбек екеуі – екі салт атты Семейден шығып, Шыңғысқа қарай сау желдіріп тартып келеді. З.Қаб. ~ Онда мен жаңылған екенмін,— деп, қатарымдағы аттарды сау желдіртіп келе жатқан көк айғырдың аяңына қарап едім, тежелген ой қайта шарықтап кетті де, көк тұлпарым алдыма келіп тұра қалды. Ә.Әб. ~ Жауға аттанған қарулы атты әскердей қатар түзеп, бірде жортып, бірде сау желдіртіп келеміз. С.Ом. ~ Түн жамылған үш атты сау желдіріп сай табаннан жазыққа шықты да, көкпекті қыратты бөктерлеп, Ақсуат қайдасың деп терістікке ат басын қоя берді. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *