Posted in

САУ ЖЕЛІС (ЖЕЛДІ)

Бір қалыпты, шорқақсыз, екпіндете жорту. ~ Түн жамылып шыққан екеуі сау желіспен отырып, түс ауа Сауырды жондап келіп, өздері бұрын-соңды көрмеген Ақиректің асуына жақын жердегі үңгірдің жанына келіп, тізгіндерін бір-ақ тежеп еді. К.Сег. ~ Сау желген төрде жүз шақты ат Жүз жігіт сарбаз – жер шолар. Маңдайдан тері бұршақтап, Кеше аман келген ер солар! Ғ.Қай. ~ Қайырхан атамның сау желіп бара жатқан атынан қалысар емес. Әне- міне дегенше қалың шиге еніп, көзден таса болды. К.Сег. ~ Бұлар бие сауымындай сау желіп отырып, бір аласа тауға жетті. Жол сол биікке қайқандап шығып, қайтадан төмен түседі. С.Дос. ~ Қанша кекшисе де Алатау – Ақсай жақтан салқын самал соқты. Кәдімгі боз інгеннің тебіренгеніндей бір сау желген жібек самал. Тек теріскейде Қаратау бұйығы бүк түсіп, бүрісіп, шапанын бүркеніп, ірге жаққа жата кеткен кемпірлер сияқты. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *