Posted in

САУҒА СҰРАДЫ (ТІЛЕДІ)

Жанын сақтап қалуды өтінді, жалынды; берілді. * Бораннан сауға сұрап қарағайлар, Жезөкше келіншектей бұраңдайды. М.Мақ. * Егер жаудан сауға сұрайтын сұмырай табылса, табанда атуға бұйырамын. Үрей салушыларға да әмір сол. Т.Ахт. * Сонда Нұрғаным орнынан ұшып тұрып Құнанбайдан сауға сұрап: – Жеті жаста қалған жетімің емес пе, кешсеңші. Аяушылық жасасаңшы, – деп ұмтылғанда оны: – Кет! – деп кеудесінен итеріп жіберді. Т.Жұрт. ~ … үшінші ойын – салым. Алғашқы екеуінен қызығы артық болмаса кем емес, жігіт пен жылқының белдісі шыдайтын, қиқудан көрі «сауға сұрары» көп, тартыстан көрі додасы мол ойын. Д.Досж. * Өткен күндер елесі қос тепкіге алып діңкелетіп, безгектен бетер дертке айналғанда осы Жайықтан сауға тілеп келмеді ме? Қ.Отарб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *