Әлдебір құндылықты сауда-саттық нысанына айналдырып, пайда көруге тырысты. ~ Арын ақшаға айырбастау, тіпті тәнін де саудаға салу, ту-ту арғы, жабайы заманның жалаңаш, салдақы салтын жаңалық деп ұсыну, мұрат-мақсатсыз, селқос өмір кешу – осы сияқты толып жатқан тозғын әрекеттерді де «экспортқа» айналдырып, солардың жәрмеңкесін ашқысы келетіндер әлі бар-ау әлемде. Х.Ерғ. ~ Осы кісілер қандай екі жүзді. Сәудегер сияқты сезіміне дейін бұлдап саудаға сап жүреді. Әйтпесе көзден тайған кісінің кеңілден де кетіп ұмыт болатыны несі? Ә.Нұрп. ~ Адал махаббат екеумізге ортақ емес пе?! Ендеше оны өтпейтін тауардай неге саудаға саламыз, неге қақпақылдаймыз?! Қ.Жиен. ~ Өмір сүруге ыңғайлы ең, дүние түлкіні тазы болып қалай шалғаныңды талай көрдік. Бірақ пайғамбар жасына келгенде ұжданыңды саудаға салар деп ойламап едім. Т.Әбд.
