Posted in

САУДАҒА ТҮСТІ

Пайда көру, ақша табу көзіне, бас пайданың қамына айналды. ~ Бүгін Ұрқиядай бір жастың тағдыры өлімненде жаман қорлықпен саудаға түсіп жатыр. С.Жүн. ~ Бекет тұңғыш рет мәкүрік жұтқандай ішкен – жегенінен жеркеніп, лесхоз директорын ит етінен жек көріп қалып еді. Бақалшының пұлындай барықсыз саудаға түсем деп ойлап па. Қ.Ысқ. ~ Бірақ жіті қараған адам осынау келісті келбет пен оның ішкі жан дүниесінің арасында жер мен көктей айырма барын, ол үшін бәрі де бас пайданың қамына, тіпті сыртқы көркі де сол үшін саудаға түсетін бұйым секілді сезбей қалмас еді. Т.Әбд. Сауда-саттық бұйымы ретінде сатып алушыларға ұсынылды. ~ … қора -қопсы, үй-жайдың бәрі саудағатүсіп, тып-типыл йен жағада жарбиып Жөгердің жалғыз баспанасы ғана қалды. Қ.Ысқ. ~ Ғасыр бойы байлар арасында саудаға түсіп келген Қарағанды—Спасск—Нілді жеріне европалық бір мемлекет сыйып кетер еді. Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *