Құр дандайсу, жөнсіз мақтану. ~ Алары не? Көші-қонда көлік береді. Оның аты – бай, аузында семіз сөз: -Далаға қаңғытып, жалғыз лашықпен тастамай, алты ай жаз өзіммен ілестіріп алып жүрдім, асырап шықтым, – дейді. М.Әу. ~ Қасындағы екеуінің күдігін сейілту үшін Хакім Құныскерей жөніндегі халық арасына таралып кеткен лақапты артық айтылған семіз сөздерден арши бастады. Х.Ес. ~ Бай аузында семіз сөз. М.-М.
