Бір біріне тиісуге бата алмай, әрқайсысы өз бетімен күн көрді. ~ Әкесі – Тілеудің үйінде тұратын Ғалияға оралып келген Балуан, дос – жарандардың ақылын да алып, өзі де сондай ойға кеп, «сен тимесең, мен тимен» нің тұрмысымен, тыныш қана өмір сүруге кірісті. С.Мұқ. ~ Көп ішінен суытылып шығып, бұларға белсене қарсылық көрсеткен біреуі жоқ. Сен тимесең, мен тимеймін деп, бәрі де бас сауғалап қала берді. С.Ом. ~ Өстіп үлкеннен де, кішіден де ұтылып жатқанымыз. Міне, аға, нәумездіктің, сен тимесең, мен тименің қайда апарып соғатынын қараңыз. Біздің елге қонған қасиеттің сұрқы осы ма? К.Хам. ~ Оның үстіне айбынды да айдынды Абылай ақыл-айламен басын біріктіріп егеулі найзамен жат жұрттан қорғап, іргесін бекітіп кеткен хандық Уәлидің «сен тимесең, мен тимен» дегендей сылбыр саясатының салдарынан бұрынғы беделінен айрылып, ауа жайылып, азайып ыдырауға бет алған-ды. С.Ақт. ~ Күн өткен сайын апан аузынан ұзаң-қырап жайылатын болған. Бірақ «сен тимесең мен тимен» дегендей жан- жануарлардың қай- қайсысына да жақындамай, қай- қайсысының маңдарынан аулақ жүретін. К.Сег. ~ Жұрттың қарқыны басылып, бір мезгіл тынши қалған. Тізімге ілінсе, қазірден бастап өлімге айдалатындай көріп, бұғып отырған аз санды бір парасы сен тимесең, мен тимеймінге көшкен. С.Ом. ~ Жүзбе-жүз қарсы кеп қалғанда болмаса, қараңғы көшенің бір бұрышында кетіп бара жатқан бейсауат кісіге бұрылып барып тексеріп жатпайды. «Сен тимесең -мен тимеймін» деген енжар көңілмен ат үстінде қалғып, тас көшені такылдатып бастырып өтеді. Ә.Нұрп. ~ Сыйға сый, сыраға бал, әпкетай! Болды, бітті – еш тесікке тұмсық сұқпаспын, кез келген құйысқанға бет алды қыстырылмаймын. Бадырақ көз, сен тимесең, мен тимен. Не болар екен, оны да көрейік. Бұдан былай Атымтаев ылғи да пас, достар және әпкелер! М.Қаб.
