Соғым сойғаннан кейін жылқышылардың ел аралап, ойын-сауық құруы. ~ Ол төменгі жақта әндетіп, дабырлап, даурығып сөйлесіп бара жатқан жігіттерге қарап: — Мына астырттағы ауылдан серне жеп қайтып барады. Бүгін осы Дөңгелек саздан нақ отыз-қырық тоқты нағып желінбеді екен?! М.Әу. ~ Дөңгелек сазға күндіз көрші ауылда серне жеп, қалың жиын күрес салып, аударыс жасап, ойнап жатқанда жәрмеңке жағынан келген бір қызыл бөрік, "қырғыз соғыс бастапты" деген ұзын құлақ бір хабар айтқан. М.Әу. ~ Бір жұмадан бері Сүлейменнен алған төрт көк арба, үш рәдуанмен шөп тасыған жалшылары бүгін жұмыстарын бітіріп, серне жейтін күндері. Болыс оларға жабағы сойғызған. С.Жүн.
